Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды деп хабарлады turkystan.kz.
Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысты. Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған 8 клуб (еленгендер) және Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз клуб (еленбегендер).
Жеребе қорытындысы бойынша:
«Аякс» (NED) - «Унион» (GER)
«Байер» (GER) - «Монако» (FRA)
«Барселона» (ESP) - «Манчестер Юнайтед» (ENG)
«Зальцбург» (AUT) - «Рома» (ITA)
«Севилья» (ESP) - «ПСВ»(NED)
«Спортинг» (POR) - «Митьюлланд» (DEN)
«Шахтер» (UKR) - «Ренн» (FRA)
«Ювентус» (ITA) - «Нант» (FRA).
Алғашқы ойын Чемпиондар лигасында үшінші орын алған командалардың алаңында өтеді.
Айта кетейік, бірінші ойындар 16 ақпанға жоспарланған, ал екінші ойындар бір аптадан кейін өтеді.