Самат Сәрсенұлы джиу джитсудан әлем чемпионатында алтын алды

Самат Сәрсенұлы джиу джитсудан әлем чемпионатында алтын алды

Самат Сәрсенұлы джиу джитсудан әлем чемпионатында алтын алды
ашық дереккөзі
50449
Қазақстандық джиу джитсу шеберлері Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу Даби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық джиу джитсу федерациясының мәліметінше, 56 келі салмақта қарсыласын қапы қалдырған Самат Сәрсенұлы алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы болды. Сондай-ақ бүгін ақмолалық Бекзат Баймұратов ересектер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 77 келі салмақ дәрежесінде файтинг бөлімінде өнер көрсеткен. Айта кетейік, бүгін - әлем чемпионатының алтыншы күні. Қазақстан құрамасы әзірге бірінші орында тұр. Бүгін ерлер арасында -56, -77, +94 келі салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек өтті. Ал кеше жарыстың бесінші күні қазақстандық Руслан Исраилов - алтын, Нұржан Батырбеков пен Дархан Нортаев - қола медальге қол жеткізген болатын.

Серіктес жаңалықтары