50445
Елордада 14 жастағы қыз 19-қабаттан секіріп кетті
Елордада 14 жастағы қыз 19-қабаттан секіріп кетті

Астанада жасөспірім қыз суицид жасады деп хабарлады turkystan.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2 қараша күні сағат 17.25-те Астана қаласы Алматы ауданының полиция бөліміне шұғыл хабар түскен.
Онда Қуанышбаев көшесінің бойында жасөспірімнің мәйіті табылғаны айтылған.
Тексеру барысында бұл факті расталды.
Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 19-қабаттан секірген 14 жасар қыз болып шықты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды.