Жаңаөзенде аниматорлар фестивалі өтті

Жаңаөзенде аниматорлар фестивалі өтті

Жаңаөзенде аниматорлар фестивалі өтті
ашық дереккөзі
50194

Жаңаөзенде «Балалар жылы» аясында «Сүйікті кейіпкерлермен кездесу» атты аниматорлар фестивалі өтті деп хабарлады turkystan.kz. 

Бүлдіршіндерге қуаныш пен есте қаларлық демалыс сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шараға 3000-ға жуық қала тұрғыны жиылды. Фестиваль «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен, Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігінің қолдауымен, Korkem Alem компаниясының ұйымдастыруымен өтті.

 width=

Бүлдіршіндер арасында танымал Теддиаюлары, Лол қуыршақтары, Чип және Дейл, Маша қыз бен аю, арыстан Алекс, Өрмекші адам, Бэтмен сынды өзге де 40-тан астам ертегі және мультфильм кейіпкерлері шараның басты қонақтары ретінде шақырылды. Олар балалармен диалог орнатып, сұрақтарға жауап алып, кішкентайлармен бірге ән салып, билеп, көңілдерін аулауға тырысты. Тайсалмаған балалар сахнаға шығып, кейіпкерлермен бірге өнер көрсетті. Ал, кейіпкерлер белсенділік танытқан балаларға ойыншықтар сыйлап, қуантты.

Сонымен қатар шара кезінде балаларға тәтті мақта, попкорн сынды балалардың сүйікті дәмдері үлестірілді. Қонақтар «Балалар үшін мұндай шаралардың маңызы зор» екендігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 width=

Серіктес жаңалықтары