Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды

Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
50230
Бүгін ҚР Президенті Іс басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой ҚР Президенті Іс басқармасының медицина орталығының басшысы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Алексей Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы. Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚР Президенті Іс басқармасы медицина орталығының бастығы, Астана қаласы № 1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Сондай-ақ, бүгін Рустам Албаев ҚР Президенті Іс басқармасының медицина орталығы ауруханасының директоры болып тағайындалды. Рустам Албаев - Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді, төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды. ҚР ПІБ медицина орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс басқармасының медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ медицина орталығының орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары