163
Улюкаевтың жарты миллиард рубль мүлкі тәркіленді
Улюкаевтың жарты миллиард рубль мүлкі тәркіленді
Ресей Тергеу комитетінің арызы бойынша, бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың құны жарты миллиард рубль мүлкі, сондай-ақ 15 жылжымайтын нысаны тәркіленді. Бұл туралы "Коммерсантқа" мекеме төрағасының орынбасары Игорь Краснов xабарлады.
Оның айтуынша, тергеу қызметінде бұрынғы министрдің "Роснефть" кеңсесінде пара алып жатқан сәті бейленген фото- және видео материалдар бар.
Бұның алдында Мәскеудің Басман соты Улюкаевты үй қамауында ұстау мерзімін 15 сәуірге дейін созды. Бұған қоса істі тергеу мерзімі 15 мамырға дейін ұзартылды.
Тергеуші Роман Нестеровтың мәлімдеуінше, Улюкаевтың қарамағында жұмыс істегендер және Росимущество мекемесінің қызметкерлері оған қарсы куәлік еткен.
Алексей Улюкаев 15 қарашада "Роснефть" офисінде ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, шенеунік "Башнефть" компаниясын сату бойынша келісімді оң бағалау үшін 2 миллион доллар пара сұраған. Улюкаев бұл айыптарды жоққа шығарды. Ол ұсталған соң президент оны министр қызметінен алып тастады.