Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен Қостанай қаласына келді. Ол облыстық өлкетану мұражайында, А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетте болып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды деп хабарлады turkystan.kz.
Кандидат Қостанай қаласына сапарын ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.
«Біздің штаб 12 қазаннан бастап жұмыс істейді. Әрине, бұл дайындық кезеңі болды. Үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні басталды. Біз барлық баннерлерді ілу жұмыстарын аяқтадық. Бізбен бірге еріктілер жұмыс істейді», - деп үгіт-насихат жұмыстарының барысына тоқталды облыстық штабтың басшысы Серік Сатмұхамедов.
