«URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
50233

28 қазан Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Сыйлық алуға 500-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 10 номинация және 3 арнайы сыйлық бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэксперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

52 үміткердің ішінен «URKER-2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік сұхбаты:

Ая ӨміртайHalyq-uni.kz

Жылдың үздік репортажы:

Анар ҚонысAikyn.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:

Наима Нұрәлі Halyq-uni.kz

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Қазбек Құттымұратұлы - «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті

Халықаралық тақырыптағы үздік материалы:

Сауле Исабаева Qmonitor.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

Zakon.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Ой – түйін» – Qazaq radiosy

Жылдың үздік фотосуреті:

Мейірбек Тажкуранов Zakon.kz

Үздік өңірлік БАҚ:

«Saryarqa samaly» газеті

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия:

Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz

Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия:

«Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан»журналы

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия:

Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті

Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.

2017 жылдан бастап барлығы 3377 жұмыс сыйлық алуға келіп түсті, оның 300-і шорт-парағына енді. «URKER» ескерткіш мүсіншесінің иегерлері 80 үздік атанды.

«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. 

Ұлттық бәйгені ұйымдастырушылар - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Іс-шараның демеушілері «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ.

Серіктес жаңалықтары