Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың жақтастары «Астана Триатлон» саябағында 10 шақырымға жүгіру акциясын ұйымдастырды. Осылайша олар Нұрлан Әуесбаевты қолдайтындарын білдіргісі келген. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде партия филиалдарының басшылары үміткерімізді қолдау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізіп жатыр, – деп атап өтті Әуесбаевтың ресми өкілі Мақсұт Нәсибулов.
