50322
28 қазанда ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы өтеді
28 қазанда ҰҚШҰ-ның кезектен тыс сессиясы өтеді

28 қазанда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтеді деп хабарлады turkystan.kz ҰҚШҰ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Сессия барысында ҰҚШҰ-ның 15 қыркүйекте әзербайжан-армян шекарасындағы жағдайдың ушығуына байланысты Арменияға аттандырылған миссиясының нәтижелері талқыланады, деп хабарлады ҰҚШҰ ресми ақпараттық арнасы.
Сонымен қатар Армения Республикасына көмек көрсетудің бірлескен шаралары қаралады.
Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің басшылары кіреді. ҰҚШҰ құрамында 6 ел бар. Олар - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан.