Қазақстан Даму банкінің басшысы қызметінен босатылды

Қазақстан Даму банкінің басшысы қызметінен босатылды

Қазақстан Даму банкінің басшысы қызметінен босатылды
ашық дереккөзі
50195
«Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Искаковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды деп хабарлады turkystan.kz аталған қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 қазанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өз қалауы бойынша Банктен кету туралы шешім қабылдаған Басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторовичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты», - делінген хабарламада.
Руслан Искаков ҚДБ басқарма төрағасы лауазымын 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарды. Оның банк басшысы ретіндегі қызметі барысында негізгі бизнес-процестерді реформалау бойынша жұмыс жүргізілді, ҚДБ-ның елдік деңгейдегі халықаралық рейтингтері расталды, $800 млн астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды, оның ішінде еурооблигациялардың табысты шығарылуы іске асырылды.

Серіктес жаңалықтары