Ақтөбелік әйел 11 айлық баласын жатақхана дәлізіне тастап кетті

Ақтөбелік әйел 11 айлық баласын жатақхана дәлізіне тастап кетті

Ақтөбелік әйел 11 айлық баласын жатақхана дәлізіне тастап кетті
ашық дереккөзі
213

11 айлық баласын баласын жатақхана дәлізіне тастап кеткен ақтөбелік әйел іздестірілуде. Қазір тастанды сәби облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тастанды сәбиді балалар ауруханасына жедел жәрдем жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, алғашқыда Нина Хоренконың баланың дене қызуы болған. Қазір жағдайы жақсы. Алайда, төрт күннен бері баланы ешкім іздеп келмепті.

 «Жатақхана тұрғындары полицейлерді шақырған. Олар баланы тікелей сәбилер үйіне жібермейді, себебі, дәрігерлік тексеруден өткізуі тиіс. Сондықтан, жедел жәрдем көлігімен бізге алып келді. Емізулі бала болғаннан кейін, анасын іздеді. Бірақ, біз өз тарапымыздан қажетті қоспаларды беріп, тамақтандырдық. Жағдайы қазір бірқалыпты. Егер ата-анасы келмесе, баланы сәбилер үйіне жөнелтеміз»,- дейді облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Алниязова.

Нинаның тағдырына ауруханада балалары ем қабылдап жатқан ата-аналар да алаңдаулы. Олар сәбиге жылы киімдер, жөргектер әкелгендерін айтады. «Менің балам да осы ауруханаға түскен. Емін алып болды, ауруханадан шықтық. Бірақ, Нинаны көргеннен кейін, уайымдап, бүгін шыдамай тағы жағдайын білуге келдім. Егер ата-анасы, туысқандары естісе, алып кетсе екен деймін. Осындағы барлық адамның тілегі – cол. Сәбиге ананың жылуынан басқа ешнәрсе керек емес ғой», – дейді Инна Рудакова есімді қала тұрғыны.

Серіктес жаңалықтары