Қостанайдағы өрт: зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті берілді

Қостанайдағы өрт: зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті берілді

Қостанайдағы өрт: зардап шеккендерге жаңа үйдің кілті берілді
ашық дереккөзі
50695
22 қазан - Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған орман өртінің салдарынан бір сәтте баспанасыз қалған 91 үйдің тұрғыны үшін қуанышты сәт. Оларға Республика күні қарсаңында жаңа үйлердің кілттері табыс етілді деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап. Әр үйде жуынатын бөлме, газ қазандығы мен пеші орнатылған. Демеушілердің көмегімен жаңа үйге қоныстанып жатқан әр отбасына тоңазытқыш тарту етілді. Жаңа баспаналарын көрген бұрынғы Аманқарағай ауылы тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Олар осындай қиын-қыстау кезде қолұшын созған еліміздің әрбір азаматы мен атқарушы билік өкілдеріне алғыстан басқа айтары жоқ.  width=
Рекордтық аз уақытта «Бірлік» атты шағынауданды салып шыққан құрылыс компанияларына алғыс айтамын. Қостанай жұрты, қала берді, тұтас еліміз осындай қиын кезде нағыз бірліктің үлгісін көрсеттті. Сондықтан осы шағынауданның атауында да ерекше мән бар, - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Салтанатты рәсімнен кейін облыс әкімі бастаған билік өкілдері үйді-үйді аралап, құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп шықты. Айта кетейік, өрттен зардап шеккен тұрғындар үшін 12 сотық жерге салынған әр үйдің ауданы 100 шаршы метр. Төрт бөлмеден тұрады. Әрбір үйге табиғи газ бен  ауыз су тартылған. Ғаламтор желісі де бар. Бұл қызметті  тұрғындар бір жыл тегін пайдаланады.  width=

Серіктес жаңалықтары