50425
Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді
Әбілхан Аманқұл жеңіліп көрмеген мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 1 КО) кәсіби рингте екінші жекпе-жекте жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол Мехикода осыған дейін жеңіліп көрмеген Мексика өкілі Йеассон Пачеко Сервантеспен (6-1, 3 КО) жұдырықтасты.
Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек қазақстандықтың ауыр нокаутынан кейін екінші раундта аяқталды.