50494
Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясы ОК басшысы болып қайта сайланды
Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясы ОК басшысы болып қайта сайланды
22 қазанда Қытай Компартиясының ХХ съезінің соңғы отырысы өтті. Онда ҚХР Саяси бюросының тұрақты комитетінің жаңа мүшелерінің есімдері белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Құрылтайдың жабылуында Бейжің Халық жиналысы үйінде жаңа шақырылған ҚКП Орталық Комитетінің, сондай-ақ тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы сайланды. ҚКП Орталық Комитетінің жаңа құрамының 205 мүшесінің қатарына Қытайда тұратын ұйғыр, қазақ, моңғол этникалық топтарының, чжуан және туцзя сияқты басқа да ұлттардың өкілдері кірді.
Саяси Бюроның тұрақты комитетінің жеті мүшесінің үшеуі жаңа құрамға қайта сайланды: ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, ҚКП ОК хатшысы Ван Хунин және тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссияның хатшысы Чжао Лэцзи.
Айта кетейік, 20-шы сайланған ҚКП ОК құрамында 11 әйел бар. ҚКП ХХ съезі Бейжіңде 16-22 қазан аралығында өтті.