Қазақстандық спортшы «Әлем кубогы - 2022» жарысында қола жеңіп алды

Қазақстандық спортшы «Әлем кубогы - 2022» жарысында қола жеңіп алды

Қазақстандық спортшы «Әлем кубогы - 2022» жарысында қола жеңіп алды
ашық дереккөзі
50168
Маңғыстаулық спортшы Төрекен Қобыланов әуесқойлар арасындағы әмбебап жекпе-жектен «Әлем кубогы - 2022» жарысында үшінші орын иеленді. Дүбірлі дода Түркияның Анталия қаласында өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Әуесқойлар арасындағы әмбебап жекпе-жек жарысынан 18 бен 20 жас аралығындағы 30 елден 280 спортшы қатысты. Жарыстың бесінші күнінде жекпе-жектің лайт күрес түрінен «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Төрекен Қобыланов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі 3-орынға ие болды. Төрекен Қобыланов
«Жарыс өте жақсы өтті. Негізі чемпион боламын деген мақсатпен келдім. Қола бұйырды. Әлі де дайындығымды күшейтемін. Жаттықтырушым айтқан барлық әдіс-тәсілдерді қолдануға тырыстым. Кішкене сәттілік жетіспей қалды. Жанкүйер болып, мені қолдаған барлық достарыма, туыстарыма және бапкеріме алғыс айтамын», - дейді Төрекен Қобыланов.
Маңғыстаулық спортшы Төрекен Қобыланов «Unifight» спорт түрімен шұғылданғанына 7 жыл болған. «Әлем кубогының» бірінші кездесуінде, спортшы Әзірбайжан балуанын жеңді. Екінші жекпе-жекке жолдама алып, кездесуді жеңіспен аяқтаған. Ал үшінші додада Төрекен Қобыланов қарсыласына жол беріп, қола медальді иеленді. 17 қазанда басталған дүбірлі дода 23 қазан күні аяқталады.  width=

Серіктес жаңалықтары