Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады
ашық дереккөзі
50390
Бүгін 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады.          Республикалық қоғамдық штабқа 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын Халықтық коалицияның өкілдері кірді.  width= Бүгін Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат баспа өнімдерін тарату және ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады.  width= Ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап РҚШ мүшелері сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады.  width= Сондай-ақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашты. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланады: https://www.instagram.com/toqaev2022/ https://www.facebook.com/Toqaev2022 https://twitter.com/Toqaev2022 https://t.me/toqaev2022 www.tiktok.com/@toqaev22 https://www.youtube.com/channel/UCFSxyV97uoGMR4ztETM66vw

Серіктес жаңалықтары