Ұшақ бортында темекі шеккен қыздар рейстен түсірілді

/
Ұшақ бортында темекі шеккен қыздар рейстен түсірілді
ашық дереккөзі
Ұшақ бортында темекі шеккен қыздар рейстен түсірілді Ұшақ бортында темекі шеккені үшін 2 қызға айыппұл салынып, олар рейстен түсірілді деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны акт бойынша «Шарм-Эль-Шейх – Астана» бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілді. Жас қыз ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (153 150 теңге)», - делінген полиция хабарламасында.
Мәлім етілгендей, дәл осындай құқықбұзушылық жасағаны үшін тағы бір қыз – Орал қаласының тұрғыны «Орал – Алматы» бағытындағы әуе рейсінен түсірілген. Жалпы, биылғы жыл басынан еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әуе рейсінен 379 азаматты түсірген. Оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін – 106, алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 204 адам жауапқа тартылды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары