Алматыда сақ жауынгері жерленген қорған табылды

Алматыда сақ жауынгері жерленген қорған табылды

Алматыда сақ жауынгері жерленген қорған табылды
ашық дереккөзі
50375
 Алматыда археологиялық қазба жұмыстары кезінде б.з.д. V-II ғасырдағы сақ дәуірі жауынгерінің жерленген орны мен сүйегі табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Спикердің айтуынша, 16 қазанда Алатау ауданы аумағындағы ерте темір дәуірінің апаттық қорғандарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
«Жерлеу орнында алтынмен безендірілген жауынгердің қару-жарағы, қылыштың сынықтары, алтынмен қапталған аң стилінде жасалған бейнелері бар, киімге арналған жапсырмалар мен күміс бұйымдар табылды. Жауынгер сүйегі 3 метрден астам тереңдікте орналасқан ағаш жәшікке салынған», - деді «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» КМҚК директоры  Ләззат Сағындықова.
Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің аға ғылыми қызметкері Мұрат Нұрпейісов қорымнан табылған заттарға қатысты өзінің тұжырымын айтты.
«Ол ер адам, бірақ, жас болмаған. Бас сүйегіне қарағанда, солай топшылауға болады. Сондай-ақ онымен бірге патшаның емес, жауынгердің заттары жерленген. Алайда ол текті әулеттен шыққаны байқалады», - деді Мұрат Нұрпейісов.
Ол, сондай-ақ, Алатау ауданындағы қорғандар 1960 жылдардың соңынан белгілі бола бастағанын айтты.
«Мұнда 9 сақ қорғаны табылған. Қазір тек 4 қорған қалды. Қазіргі археологиялық қазба жұмыстары арнайы апаттық қорғандарына жүргізіледі», - деп толықтырды ол.
 width=  width=

Серіктес жаңалықтары