Қазақстанда тіркелген ерекше көлік АҚШ-та рекордтық бағаға сатылды

Қазақстанда тіркелген ерекше көлік АҚШ-та рекордтық бағаға сатылды

Қазақстанда тіркелген ерекше көлік АҚШ-та рекордтық бағаға сатылды
ашық дереккөзі
50200
Америкалық коллекционер Қазақстанның мемлекеттік тіркеу нөмірі бар сирек кездесетін Toyota көлігін 146 млн теңгеге сатып алды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Motor.ru сайтының мәліметінше, ескі Toyota Mega Cruiser жол талғамайтын көлігін америкалық коллекционер аукцион барысында жаңа Lexus LX бағасынан 3,5 есе қымбатқа алған. 1996 жылы шыққан, 91 мың шақырым жол жүрген көліктің су жаңа қожайыны оған 310 мың доллар төлеген. Теңгеге шақсақ, көлік 146 млн теңгеден астам сомаға бағаланып отыр. Toyota Mega Cruiser — жапон армиясы мен барлау қызметтері үшін жасалған үлкен рамалы жол талғамайтын көлік. Автокөлік 1995-2001 жылдар аралығында Жапонияның ішкі нарығы үшін шығарылған. Тек 150 жер талғамайтын көлік қана жеке тұлғаларға арналған.  width= Қазақстаннан жеткізілген көліктің ерекшелігі – рөлі оң жақта. Ал Америка Mega Cruiser өте сирек кездеседі, өйткені ел заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты АҚШ-қа шығарылғанына 25 жылдан асқан машиналарды ғана шектеусіз импорттауға болады. Cars and Birds аукционында сатылған Mega Cruiser жекеменшік иелеріне арналып барынша бақуат нұсқада жасалған. Салонында артқы көрініске арналған камера, теледидар, тоңазытқыш, аудиожүйе, жылытылатын орындықтар, стационарлық телефон бар. Ал жүксалғышы бір кісілік орынмен жабдықталған. Артқы екі былғары орындық тұғырға орнатылған. Салмағы 2,9 тонна болатын 5,1 метрлік жер талғамайтын көліктің қуаты 153 аттың күшіне тең 4 цилиндрлі 4,1 литрлік турбодизельді қозғалтқышы бар.  width=

Серіктес жаңалықтары