Белсенділер қытайлыққа тұрмысқа шығатын қазақ қыздарын елден қууды талап етті
Белсенділер қытайлыққа тұрмысқа шығатын қазақ қыздарын елден қууды талап етті
Қытай азаматтары мен қазақ қыздарының некеге тұруына тыйым салынуын талап еткен бір топ астаналық белсенді митингке шықты. Бұл турады Kazday.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Елордада Республика даңғылындағы Қытай азаматтарымен танысуға ұсыныс жасайтын неке агенттігінің жанында отызға жуық адам жиналған. Ақпарат көзінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері бұл көріністі бақылап тұрса да, оларға килікпеген.
Наразылық білдірушілер Қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуға батылы жеткен қазақ қыздарының азаматтығынан айыру керектігін айтты. Қолдарына ұстаған плакаттарына «Еркек жерді қорғайды, ал әйел – ұлтты» деп жазып алған белсенділер қытайлық күйеулерге Қазақстаннан алған әрбір қалыңдығы үшін 50 000 доллар көлемінде салық салуды талап еткен. Сондай-ақ, олар қыздарға бөгде ұлт өкілдерімен, әсіресе қытайлармен таныстыру қызметін ұсынатын неке агенттігінің жабылуын қалайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін ақпараттық сайттарда жарияланған Қазақстандық қыздарға қалтасы қалың қытайлықтар құда түсетіні туралы жаңалық жұртты шулатқан еді.