Талдықорғанда автобус жүргізушілері жаппай наразылыққа шықты

Талдықорғанда автобус жүргізушілері жаппай наразылыққа шықты

Талдықорғанда автобус жүргізушілері жаппай наразылыққа шықты
ашық дереккөзі
50192
Талдықорғанда екі ай айлық алмаған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай, наразылық білдірді деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап. Ал тұрғындарды тасымалдаумен айналысатын автобус компанияларының қожайындары жалақының түспеуін субсидияның төленбеуімен байланыстырады. Бүгін таңертең сағат 08:30 да әкімдік өкілдері автобус жүргізушілерімен кездескен. Келіссөзден кейін 10 бағыт бойынша шықпаған автобус жүргізушілері жұмысына қайта кірісті.
«Ал тасымалмен айналысатын компания өкілдері субсидия бөлінбеген соң жалақы кешіккенін айтып түсіндірді. Мәселен, 2022 жылы бюджеттен субсидия бойынша 880 млн теңге қаржы сұралған. Бірақ тек 430 млн теңге бөлінген. Ол қаражат жетпеген. Енді бюджеттен тағы 450 млн теңге сұралған. Бірақ қалалық мәслихат ол соманы мақұлдамаған. Сұралған қаржы бөлінгенде жыл соңына дейін қажетті субсидия беріледі»,- деп түсіндірді Талдықорған қаласы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Мәди Шәкенов ҚазАқпарат тілшісіне.
Жалпы, жыл басынан бері тасымалмен айналысатын «Транстал» ЖШС-не - 162, 63 млн теңге, «Сайман» ЖШС - 55,55 млн теңге, «Талдықорған Таксопарк» ЖШС - 45,15 млн теңге бөлінген.

Серіктес жаңалықтары