Сауат Нұрғалиев Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алтын жеңіп алды

Сауат Нұрғалиев Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алтын жеңіп алды

Сауат Нұрғалиев Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алтын жеңіп алды
ашық дереккөзі
50415
Жас шахматшы Сауат Нұрғалиев 1-11 қазан аралығында Әзербайжанда өткен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Соңғы айналымға дейін біз медальдар үшін өте сәтті күрестік. Ең бастысы, жігіттер өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы жігіттер ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медальдар үшін күресуді жоспарлап отырмыз»,– дейді команда капитаны Павел Коцур.

Серіктес жаңалықтары