Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
ашық дереккөзі
50168
Президент Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.
«Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды», - деп жазды Ақорда.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары