50254
Әлихан Смайылов Ресейдің премьер-министрімен кездесті
Әлихан Смайылов Ресейдің премьер-министрімен кездесті

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын. Бұл туралы Үкімет басышысы Әлихан Смайыловтың Ресей Федерациясы премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде айтылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты», - делінген хабарламада.