«Біз Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан, бүгін Халықтық Коалиция Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Бұл таңдау – еліміздің шынайы патриоттарының, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын миллиондаған азаматтардың таңдауы! Ең бастысы, Сайлау қарсаңында жетекші саяси күштердің ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуы елді жігерлендіреді», - деді ол.Еске салсақ, бұған дейін Ерлан Қошанов бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отырғанын айтты. Осы орайда, саяси ұйымдар бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөніндегі келісімге келді.
Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды

Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы басталды. Жиынды ашқан Партия Төрағасы Ерлан Қошанов деп хабарлады turkystan.kz.