«AMANAT» партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», - деді съезд шешімін жариялаған AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
Тоқаевтың кандидатурасын съезд делегаттары бірауыздан қолдады

Тоқаевтың кандидатурасын съезд делегаттары бірауыздан қолдады
«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды деп хабарлады turkystan.kz.
Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды.
Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының Президенттігіне AMANAT партиясының кандидаты ретінде Қ. Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.