Сахна әдебін бұзған әртістер 6 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сахна әдебін бұзған әртістер 6 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Сахна әдебін бұзған әртістер 6 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
ашық дереккөзі
51058
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Күміс Сейітова айтты деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан әртістерінің көрермен алдында өзін ұстауына қатысты талаптар қатаңдай түседі.
«Бүгінде біз әртістердің сахна әдебін сақтауы мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғалар үшін 150 АЕК-тен (477 000 теңге) бастап, 2 мың АЕК-ке (6 360 000 теңге) дейін айыппұл салуды қарастырып отырмыз. Бірақ, бұл шара қолданысқа енгізілген жоқ, аталған процедураны қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ бұл мәселені әртістердің өзімен және концерттерді ұйымдастырушылармен бірге талқыладық. Олар қарсы емес, сондықтан аталған өзгерістер жақын арада енгізіледі деп үміттенеміз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары