Адасқан иттер өз үйін қалай тауып келеді? – Зерттеу

Адасқан иттер өз үйін қалай тауып келеді? – Зерттеу

Адасқан иттер өз үйін қалай тауып келеді? – Зерттеу
ашық дереккөзі
50666
Иттер үйге апарар жолды табу үшін таныс иістерге сүйенеді. Олардың иіс сезу қабілеті адамнан 100 мың есе өткір. Олар иісті 5 жылға дейін ұмытпайды. 11 миллионға жуық иісті емін-еркін ажыратып, қараңғыда жүз метрге дейін қашықтықта қозғалатын затты байқап, 25 метрден дауысты ажырата алады. Ит жүрген аумағын тез есте сақтайды. Олар үйден орналасқан қашықтығына байланысты екі түрлі навигациялық жүйені пайдаланады. Бірінші кезекте - оның жақсы иіс сезетіні, ал екіншіден - визуалды есте сақтау қабілеті. Ит үйден шамамен 20-25 шақырым қашықтықта жүрсе, оларға тек жоғары иіс сезімталдығы болса жеткілікті. Иттердің белгілі бір иіс арқылы орындарды тауып алуы – ұялы телефонның абоненттік байланысының орнын табу сигналы сияқты. Ол қалай жүзеге асады? Иттер әр серуендеген сайын тоқтаған жерінде иістерді зерттеп, есте сақтап отырады. Тіпті сол уақытта өзінің де иісін қалдырып үлгереді. Үйден алыс жерлерде үй жануары өзіне таныс иістерді іздеп, анализ жасап шығады. Мысалы, бұрын өткен жерінен кофенің немесе гүлдің иісін сезсе, ол тура сол жерді іздеп, тауып алады. Бұл -  оның бірінші айналымы. Ол жерде таныс иттің қалдырған белгісін немесе адам ізін кездестіріп қалуы мүмкін. Бұл - екінші айналымға өтуі. Осы кезеңдерден өткеннен кейін, үйге тікелей апаратын жолды табады. Ғалымдардың пікірінше, кез келген итке иесіне қайтар жолды табуға  тапсырма берілсе,  оңай орындай алады. Мұны Прагадағы жаратылыстану ғылымдары университетінде жүргізілген зерттеулер дәлелдеді. Сондай-ақ олар иттердің 60 пайызы белгілі бір аумақта тек мұрындарының көмегі арқылы бағытты анықтайтынын жеткізді. Кейбір иттер өте алыс жерден дұрыс бағытты табуы үшін жердің магнит өрістері арқылы анықтау қабілетін пайдаланады. Чех ғалымдары ашық жерлерде ұзақ серуендеу кезінде жануарлардың шамамен 30%-ы міндетті түрде солтүстіктен оңтүстікке қарай жүгіретінін атап өтті. Олар геомагниттік сызықты қатаң ұстанады, бұл олар үшін компасқа ұқсас нәрсе. Зерттеушілердің пікірінше, «магнитті сезу» иттерге үйдің қай бағытта екенін түсінуге көмектеседі, тіпті оған жүз шақырым жүруге тура келсе де. Бұл, әрине, шынайы ақпаратқа жанаспайтын болып көрінеді. Дегенмен осындай түсініктер көп кездеседі.

Серіктес жаңалықтары