50367
«URKER-2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды
«URKER-2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды деп хабарлады turkystan.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында басылымда не интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік репортажы
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Халықаралық тақырыптағы үздік материал
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік фотосуреті
- Үздік өңірлік БАҚ
- Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
- Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)