Ірі цифрлық хабтардың біріне айналу – стратегиялық міндет

Ірі цифрлық хабтардың біріне айналу – стратегиялық міндет

Ірі цифрлық хабтардың біріне айналу – стратегиялық міндет
ашық дереккөзі
628
28 қыркүйек күні Мемлекет басшысы жыл сайын өтетін Digital Bridge халықаралық тех­нологиялық форумына қатысты. Іс-шараға Премьер-Министр, мемлекеттік ор­ган­дардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар қатысты. Президентке Astana Hub IT экожүйесінің қазіргі қыз­меті және Google for Startups компаниясымен бір­лескен бағдарламасының жүзеге асырылуы жө­нінде баяндалды, сондай-ақ Alem бағдарламалау мек­тебі мен «Қазақстан халқына» қорының жобасы та­ныстырылды. Маңызы еселенген басқосу Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев стартап аллея­сын­дағы әрбір жобаға арнайы тоқталып, компания өкіл­дерінің жетістіктерін тыңдады. Олардың бір­қа­тары тек Қазақстан нарығымен шектелмей, шетел нары­ғына да шыға бастаған. Мемлекет басшысына, атап айтқанда, аймақтық авиа­компанияларға арналған Farel авиациялық софттың жаңа буыны, Arbuz интернет супермаркеті, Zypl.ai жасанды интеллект зауыты, UvU Ridesharing балалар мен әйелдерге арналған қауіпсіз тасымалдау қызметі, Parqour ақылды тұрақ қызметі, сloud-есептеу­лер­ді жеңілдететін FIBO Cloud қызметі және Intebix криптобиржасы секілді стартаптар таныстырылды. Түркияның Өнеркәсіп және технологиялар ми­нистрі Мұстафа Варанк пен Өзбекстанның Ақпарат­тық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту ми­нистрі Шерзод Шерматов өз елдеріндегі техно­парк­тердің Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығына қатысты жоспарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Blockchair, Playrix, EPAM, inDriver халықаралық IT компанияларын Қазақстанға тарту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижелері туралы баяндалды. Атап айт­қанда, Астана қаласының геоаналитикалық плат­формасы, E-gov денсаулық, Әлеуметтік әмиян және от­басының цифрлық картасы, Vet Mobile, E-Salyq Business, Жер телімдерін сату және жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу жөніндегі онлайн аук­цион сияқты цифрлық шешімдер мен KazNedra жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай плат­фор­масы жөнінде айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қа­тысушыларға ілтипат білдіре оты­рып, жыл сайын өтетін Digital Bridge форумы төрт жылда ірі және маңызды өңірлік алаңға ай­нал­ға­нын атап өтті. Мемлекет басшысы сарап­шы­лар­дың болжамы бойынша, он жыл­дан кейін әлемде өнімдер мен қы­зметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдер негізінде құрылатынын мәлімдеді. Мұндай жағ­дайда Қазақстан өзіне еуразия кеңіс­тігіндегі ең ірі цифрлық хаб­тар­дың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Цифрландыру – бюрократияны жоюдың тиімді құралы Мемлекет басшысының ай­туын­­ша, бүгінде Қазақстан көп­те­ген дамыған елді озып, БҰҰ-ның цифр­лан­ған мемлекеттер рейтин­гін­де үздік 30 елдің қатарына кіре­ді. Дегенмен Қазақстанды одан әрі цифрлық трансформациялау үшін көп жұмыс істеу керек. Президент өз сөзінде оның басымдықтарын ай­қындап берді. – Бірінші. Адамға бағдарланған қыз­метті дамыту. Мемлекетке цифрлық технологиялар, ең алды­мен, экономиканың бәсекеге қабі­лет­тілігін қамтамасыз ету, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін игеру, Финтех пен Ин­дустрия 4.0-ді енгізу үшін қажет. Деген­мен Government to citizens, яғни азаматтарға қызмет көрсету са­ласы да – маңызды басымдық­тар­дың бірі. Цифрлық технология­лар­дың көмегімен біз азаматтар­дың күнделікті тіршілігін барынша жеңілдетуге және барлық адам үшін тең мүмкіндіктерге қол жет­кізу­ді көздеп отырмыз. Бұл үшін мем­лекеттік басқаруды цифрлан­дыру­дың Invisible Government мүл­де жаңа форматына көшу қа­жет. Оның негізгі мәні – мемле­кет­тік саясаттың адамға баса мән беруі, оның қажеттіліктері мен мүд­де­леріне бағытталуы. Мемлекет қабылдаған ауқымды шаралар мен шешімдер азаматтарға байқал­май­ды, олар тек нақты нәтижені кө­ре­ді. Сондықтан барлық мемлекеттік қыз­мет барынша электронды фор­мат­қа көшіріледі. Бюрократия­лық рәсімдердің бәрі алынып тас­та­­лады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, елімізде мем­лекеттік қызметтердің 90 пайыз­дан астамы электронды форматта көр­сетіледі. Бұл – әлемдегі ең жо­ғары көрсеткіштердің бірі. Жеке сектормен қалыпты өзара іс-әре­кет жолға қойылған. Атап айт­қан­да, Каспий, Халық, BI Group және бас­қа да компаниялар мемлекеттік қыз­меттерге өздерінің платфор­ма­лары арқылы қол жеткізуге жол аш­ты. – Бүгінде Қазақстан – цифрлық құ­жаттарды толыққанды енгізген санаулы елдердің бірі. Нәтижесінде, аза­маттарымыздың өзімен бірге жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, оқу орнын бітіргені туралы дип­ло­мын, неке туралы куәлігін және бас­қа да құжаттардың 15 түрін алып жүруі және көрсетуі талап етіл­мейді. Бұл жұмыс сөзсіз жал­ғасады. Мемлекет осы бағытта аза­маттармен және бизнеспен өза­ра проактивті түрде қарым-қа­тынас жасайды. «Отбасының цифрлық картасы» енгізіліп жатыр. Ол нақты уақыт режимінде әртүрлі 80-нен астам параметрге талдау жа­сайды. Бұл өмірде қиын жағдай­ға тап болған отбасыларға ешқан­дай бюрократиясыз жедел көмек­тесу­ге мүмкіндік береді. Ең бас­ты­сы, аталған әдіс нақты атаулы әлеу­меттік көмекке көшуге ықпал ете­ді. Үкімет жыл соңына дейін бұл циф­рлық сервисті пайдалануға беруі керек, – деді Мемлекет бас­шысы. IT саласына жағдай жасауға көңіл бөлінеді Қасым-Жомарт Тоқаев IT са­ла­сына қолайлы жағдай жасау мә­се­ле­сін екінші басымдық ретінде атап өтті. Президенттің пікірінше, ай­мақ бойынша Қазақстан – IT са­ласын дамыту үшін өте жақсы жағ­­­дай жасаған елдердің бірі. Бұл нор­мативтік базаға да, IT бизнесті дам­ытудың бірегей режимдері мен құ­ралдары бар арнайы платфор­ма­ларға да қатысты. Astana Hub IT- стар­таптарының халықаралық тех­нопаркі арнайы салық және виза режимінде жұмыс істейді. Қа­зірдің өзінде 900-ден астам ком­пания оның резиденті атанып, қа­зақ­стандық және халықаралық на­рықтарда табысты қызмет етеді. – Жуырда АҚШ-та Microsoft, Epam, Coursera сияқты компания­лар­дың басшыларымен кездестім. Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту, елімізге кәсіпорындарды көшіру жөнінде нақты келісімдерге келдік, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Қазақстан IT- инф­рақұрылымын кең көлемде жаң­ғырту ісін жалғастырады. Мем­лекет басшысының айтуынша, тра­фик шоғырланатын әлемдік ор­­та­лықтарға қосылу үшін транс­кас­­пий учаскесінде әзербайжандық әріптестермен бірлескен жұмыстар бас­талған. Бұл жерде сөз Оңтүстік Шы­ғыс Азия мен Еуропа туралы бо­лып отыр. Сонымен қатар Қазақ­станға Cloud есептегіш нарығының ірі өкілдері саналатын Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және басқа да компаниялар тартылып жатыр. – Халқының 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұратын біздің елі­міз үшін барлық азаматты қол­же­тімді және сапалы интернетпен қам­тамасыз ету – өзекті мәселе. Цифр­лық даму, инновациялар жә­не аэроғарыш өнеркәсібі министр­лігі шалғайдағы ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталы спут­ник жүйесінің желісімен қам­ту жұмысын күшейтуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Цифрлық экономика мен Ин­дуст­рия 4.0-ді дамыту ісі де еліміз­дің басым бағыты болмақ. Пре­зи­дент әлемнің бір орнында тұр­май­ты­нын, технологияның одан әрі дами беретінін айта келе, Үкіметке цифрлық экономиканы одан әрі да­мыту үшін қолдау шараларын дер кезінде ұйымдастыруды тап­сырды. Қазақ жастары жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті Қасым-Жомарт Тоқаев адами ка­пи­талды күшейту мәселелеріне ар­найы тоқталды. Мемлекет бас­шы­сы екі жыл бұрын әлемнің IT нарығына 30 миллион маман керек болғанын айтты. Бүгінде қа­жеттілік 100 миллионға жетті, 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады. Сондықтан Пре­­зи­дент 2025 жылға қарай, кем деген­де, 100 мың жоғары білікті IT ма­ман даярлау қажет екенін айтты. – Жуырда Нью-Йоркке жасаған жұ­мыс сапарым барысында Digital Nomads IT қоғамдастығындағы жас отандастарымызбен кездестім. Олар АҚШ пен Еуропадағы ірі ком­па­нияларда жұмыс істейді және жаһан­дық деңгейде бәсекеге қабі­лет­ті. Бүгінде Қазақстанда ха­лық­ара­лық деңгейдегі өнім шығаруға қа­білетті дарындылар аз емес. Сон­­­­­дықтан мен Үкіметке оларды қай жерде жұмыс істесе де қолдау көр­сетуді және елімізді цифр­лан­дыру­ға барынша араластыруды тап­сырдым, – деді Мемлекет бас­шысы. Президент қазіргі ақпараттық қо­ғамда және цифрлық эконо­ми­када үздіксіз білім алмасу аса маңыз­ды деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа идеялар мен серпінді жобалар тек еркін және үй­лесімді қоғамда ғана жүзеге аса­тынына сенімді екенін жеткізді. Сонымен қатар пленарлық оты­рыста Kaspi.kz компаниясының басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе, Bharti Enterprises және OneWeb компания­сы­ның негізін қалаушы және төра­ғасы Сунил Барти Миттал, Samsung Electronics компаниясының корпо­ра­тивтік президенті Ин Йонг Ри, inDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский, TikTok ком­паниясының вице-президенті Тео Бертрам сөз сөйледі. Reinvention Academy компаниясының не­­­г­ізін қалаушы Надя Жексембаева форумның пленарлық отырысында модератор болды.

Серіктес жаңалықтары