«Сөмкесінен нәресте киімдері табылған»: 7-сынып оқушысын аңдыған күдікті ұсталды

«Сөмкесінен нәресте киімдері табылған»: 7-сынып оқушысын аңдыған күдікті ұсталды

«Сөмкесінен нәресте киімдері табылған»: 7-сынып оқушысын аңдыған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
50192
26 қыркүйек күні Алматыдағы Ақсай шағынауданында ер адам 7-сынып оқушысын аңдыған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Кешеден бері Алматыдағы оқиға қоғамның зәресін ұшырды. Белгісіз еркек сағат түскі 2 жарымда сабақтан шыққан 3 қыздың артынан еріп отырған. Екі қыз бөлек, бір қыз жалғыз кеткенде соның соңына түседі. 7-сынып оқушысына тақалып, демін жиі алып, денесіне қолын тиер-тигізбес сипалап үлгереді. Жеткіншек қыз әдейі аула арасымен, адам көп жермен жүрсе де артынан бір елі қалмаған. Қыз бала алдынан шыққан дүкенге кіріп, аңдушыдан құтылады» деп жазды журналист.
Айтуынша, сол кезде дүкен кассасында қожайынның өзі отырған. Әділбек есімді жігіт күдіктіні ұстап, полиция шақырады. Құтқарушы да Алматының жігіті.
«Менің орнымда болған кез келген адам жыларман болып тұрған қызға көмектесер еді. Бұл батырлық емес, адами парыз» деп қысқа қайырды. Күдіктінің сөмкесінен нәресте киімдері табылған, ал өзі әйелдердің іш киімін киіп алыпты» деп жазды Гүлмира Әбіқай.
Бүгін Алматы ПД осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Күдікті Алматы тұрғыны екені анықталды.
«Алматы қаласының Полиция департаменті 2022 жылдың 26 ​​қыркүйегінде 15 сағат 16 минутта «102» пультіне «Ақсай» ықшамауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адамның ұсталғаны туралы ақпарат түскенін хабарлайды. Полиция басқармасына өзін бейберекет ұстаған, сұрақтарға жауап бермеген Алматы қаласының тұрғыны 1994 жылы туған Н. есімді азамат жеткізілді. Н.есімді азаматтың анасы анықталды, ол ұлының бала кезінен психо-мінез-құлық бұзылыстарымен ауыратынын және психикалық ауру екенін түсіндірді. Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ-да іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша Н.есімді азаматтың есі дұрыс немесе дұрыс еместігі және оның әрекеттеріне квалификация берілетін болады», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысы Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform)

Серіктес жаңалықтары