Қызылордалық әйел ТikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады

Қызылордалық әйел ТikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады

Қызылордалық әйел ТikTok-тағы видеосы үшін айыппұл арқалады
ашық дереккөзі
50319
Жалға алу бағасының көтерілуіне байланысты пәтерден шығару туралы ТikTok-ғы «әзілі» үшін қызылордалық әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны TikTok-та отбасымен табиғатқа шығып, «500 мың төлемесеңдер, квартираны босатыңдар деп каналда түнеп жатырмыз» деген видео жариялады. Бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мәлімет шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бергені анықталды. Ол өзінің жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шықты. Бір сәтте мыңдаған адамның назарын аударған жас әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы «арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру» әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары