50331
Шетелдіктерге пәтерін жалға берушілер қандай жағдайда айыппұл төлейді?
Шетелдіктерге пәтерін жалға берушілер қандай жағдайда айыппұл төлейді?
Қазақстанда тұрғын үй иелері шетелдіктерге заңсыз жалға пәтер бергені үшін жазалануы мүмкін. Алғашында ескерту беріледі. Ескерту еленбеген жағдайда 92 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.
Пәтерді қалай заң жүзінде жалға беру керек:
- Көші-қон полициясына хабарлама жіберіңіз.
- Пәтерді 90 күннен аспайтын мерзімге жалға беру қажет.
- отбасына біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар көшіп келушілерге;
- білім алу мақсатында келгендерге қабылдаушы білім беру ұйымы растаған жағдайда оқуды аяқтауға кажеттi, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге жыл сайын ұзартып отырады. Білім алу мақсатында келген көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсатты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес берiледi;
- шетелдік жұмыскердің жұмысқа орналасуы мақсатында бір жыл мерзім рұқсат беріледі;
- көшіп келушінің немесе оның жақын туысының ауыр сырқатына байланысты, сондай-ақ форс мажорлық жай-күйлердiң туындауына байланысты ұзартылады.
- Мерзімді ұзарту бір жылдан аспайды. Өтінішті 90 күн өткенге дейін жіберу керек.
- Жалға беру келісімшартын жазбаша түрде жасаңыз.
- Жалдау ақысын тек теңгемен көрсетіңіз.