«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетелдіктерге 30 тәулікке дейін, ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары үшін 90 тәулікке дейін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат талап етілмейді. Ал 6 негіз бойынша ол уақыттан асырып тұруға болады: жұмыс, емделу, отбасын біріктіру, оқу және тағы басқа. Бірақ ол үшін рұқсат алу қажет», - деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.Келу мақсатына қарамастан, қабылдаушы тарап көші-қон қызметіне шетелдіктің ҚР аумағында орналасқан жері туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Жыл басынан бері облыс бойынша халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 1700-ден астам шетелдік және 769 қабылдаушы адам әкімшілік жауапқа тартылды.
ШҚО-да 1700-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

ШҚО-да 1700-ден астам шетелдік жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1700-ден астам шетелдік жауапқа тартылды деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында шетел азаматтарының болуы, мигранттардың келуі және шығуы қатаң бақылауға алынған.