50405
Оралда есірткі шеккен жүргізуші 3 оқушы қызды қағып кетті
Оралда есірткі шеккен жүргізуші 3 оқушы қызды қағып кетті
Орал қаласында автокөлігімен 3 оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші есірткіге мас болған деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 32 жастағы жүргізуші кеше түсте ГАЗ-53 автокөлігімен (ассенизатор) №30 орта мектеп маңында 3 жасөспірімді қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан 2009, 2010 және 2011 жылғы қыздар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші каннабиноидтарды (марихуананы) пайдаланудың әсерінен есірткіге мас болған. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне (жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге абай болып, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптама тағайындалды.