«Менің орын бергім келмейді. Сізді, үлкен кісілерді сыйламаймын. Болды ма? Бермеймін орын! Не істейсіз ал?!» - дейді ол.Жолаушылар екеудің жанжалына үнсіз қарап қалған. Астаналық тұрғын видеоны TikTok-та әлеуметтік эксперимент үшін түсіргенін айтты. Айтуынша, сол видео үшін арнайы актриса жалдаған. Автор видеоны өзінің TikTok парақшасында жариялады.
«Үлкендерді сыйламаймын: автобуста орын бермеген жігіт оқиға туралы түсініктеме берді

«Үлкендерді сыйламаймын: автобуста орын бермеген жігіт оқиға туралы түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған оқиғаға қатысты видео авторы түсінік берді деп хабарлады turkystan.kz.
Қоғамдық көлікте отырған жас жігіттің егде жастағы әйелге орын бермей, ашулана айғайлаған сәті видеоға түскен.