Павлодарда шағын автобус аударылып, 2 бала қайтыс болды

Павлодарда шағын автобус аударылып, 2 бала қайтыс болды

Павлодарда шағын автобус аударылып, 2 бала қайтыс болды
ашық дереккөзі
50320
Павлодарда шағын автобус аударылып, екі  бала қаза тапты. Жол апаты  «Павлодар-Қызылорда» тасжолында болған деп хабарлады turkystan.kz  Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап. Полиция дерегінше,  31 жастағы минивен жүргізушісі тізгенге ие бола алмай жолдан шығып кетіп аударылған.  Көлікте 11 жолаушы болған. 6 және 14 жастағы балалар  сол жерде көз жұмды. Одан бөлек,  4 бала мен 5 ересек адам жарақаттанған.  Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Алмаз ҚАЙТАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауруханаға үш науқас түсті. 1991 жылы туған әйел жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.  Ал бір ер адам мен әйел жарақат бөліміне жатқызылды. Олардың  миы шайқалған. Түрлі жарақат пен сынықтары бар. Қазіргі уақытта екеуінің де жағдайы орташа қалыпты. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өмірзақ ҚАЙЫРГЕЛДИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балалар ауруханасына 4 науқас түсті. Барлығының   миы шайқалған. Түрлі дене жарақаты бар. Біздегі мамандар қажетті ем-дом шарасын жасады. Жарақаты жеңіл болғандықтан, балалар бүгін түстен кейін үйіне жіберілді. 2 баланың өмірін қиған жол апатына қатысты полиция іс қозғады. Шағын автобус Астана қаласынан Өскеменге бара жатқан.  Көлік ішіндегі адамдардың барлығы - өзара туыстар.  

Серіктес жаңалықтары