Павлодарда жол апатынан 2 жасөспірім қайтыс болды

Павлодарда жол апатынан 2 жасөспірім қайтыс болды

Павлодарда жол апатынан 2 жасөспірім қайтыс болды
ашық дереккөзі
50243
Павлодар облысында қайғылы жол апаты болып, екі жасөспірім көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 19 қыркүйек сағат 00.20 шамасында Ақсу өңірінің Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы Қызылорда-Павлодар автожолының 59 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
"31 жастағы жүргізуші Toyota Noah автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда рөлді басқара алмай, көлігімен кюветке аударылдып кеткен. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция автокөлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады. Олар өзара туыс болып шықты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 және 14 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Алты адам, оның ішінде жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.  

Серіктес жаңалықтары