50263
Қызметкерін бағалы сыйлық алуға мәжбүрлеген полковник сотталды
Қызметкерін бағалы сыйлық алуға мәжбүрлеген полковник сотталды
Шымкентте қол астындағы қызметкеріне бағалы сыйлықтар алдыртқан, жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Аstanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Полковник шеніндегі полицей бұған дейін мансабын асыра пайдаланып жүр деп әлеуметтік желіде басы дауға қалған еді. Оны қарамағында істеген инспектор өзіне үйге қажет жиһаздар, қымбат телефон және өзге де сыйлықтар алдыртты деп айыптаған болатын. Бұдан бөлек, түрлі карталарға ақша аударуға мәжбүрлегенін жайып салған. Алайда бұрынғы полиция бастығы өз кінәсін мойындаған жоқ. Бірақ істі қараған Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан оған нақты дәлелдер келтірді. Осының негізінде кінәлі деп танылып, темір торға қамалмақ. Полковник шені де қайтарылды.
Ғани БАЙАРЫСТАН, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
320 мың теңгеге Айфон телефонын алдыртқан. Бұдан бөлек, қаладағы қымбат дүкендердің бірінен 588 мың теңгеге күртеше сатып алдыртқан. Ол жерге дүкенге өзінің көлік жүргізуші және жәбірленуші Айымбетовпен бірге келген. Күртешені өзі киіп көрген, ал ақшаны Айымбетов сол жерде қолма-қол ақшамен төлеген. Мұның бәрін дүкен сатушылары растап берді. Оған төлем құжаттары да дәлел.