80 млн теңге: ІІМ алтын контрабандасының жолын кесті

80 млн теңге: ІІМ алтын контрабандасының жолын кесті

80 млн теңге: ІІМ алтын контрабандасының жолын кесті
ашық дереккөзі
50365
Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз өткізбек болған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы «сәлемдемені» алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында ҚХР азаматы ұсталды. Ол күдіктінің сыбайласы бола отырып, алтынды әуе арқылы Алматыдан Дубайға жеткізуі керек болған. Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 кг 200 гр. болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады. Тергеу сотының санкциясымен қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жері бойынша Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді. Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешілуде.

Серіктес жаңалықтары