50173
Бүгін еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді
Бүгін еліміздің басым бөлігінде үсік жүреді
Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін, 15 қыркүйекте еліміздің басым бөлігі кең, суық антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі сағаттарда тұман және үсік жүреді деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, батыста жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста жауын-шашын, кейде жаңбыр мен сулы қар түрінде түседі. Еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін барады, күндіз батыстан, оңтүстіктен шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік шығысында, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абау облысының солтүстігінде -1-3 градус үсік жүреді.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс бағыттардан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +16+18°С болады.
Ал Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +21+23°С болады.
Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші - 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.