Сарыағашта кәмелетке толмаған баланы зорлаған күдікті ұсталды

Сарыағашта кәмелетке толмаған баланы зорлаған күдікті ұсталды

Сарыағашта кәмелетке толмаған баланы зорлаған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
50245
Сарыағаш ауданында тағы да жантүршігерлік жағдай. Онда көрші ауылдың тұрғыны кәмелет жасына толмаған ер балаға  зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке ілінді. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы хабарлап, арызданған. Ал аудандық білім бөлімі жәбірленушінің оқушы екенін растап отыр деп хабарлады turkystan.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап. Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі: «Бұл жағдайға байланысты Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі анықтау жұмыстарына бірден кірісті. Оқушы Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды. Оның сабаққа бару кестесі 09:00-14:00-ге дейін. Оқиға мектептен тыс уақытта орын алған. Мектеп қабырғасында немесе сабақ уақтысында болмаған. Қазір мамандар жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда.Қазіргі таңда жәбірленуші өзінің тұрғылықты мекен жайында, психологиялық ахуалы тұрақты және мектеп психологтарының бақылауында». Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйек күні арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-ның басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.
 Түркістан облысы Полиция басқармасы:  “Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, аталмыш жас жігітті ұстады. Ол Сарыағаш АПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, - деді.
 

Серіктес жаңалықтары