50386
Рим Папасы қазақтың қасиетті домбырасы туралы айтты
Рим Папасы қазақтың қасиетті домбырасы туралы айтты
«Осы домбырада ойналатын шығармалар орта ғасырда орындалғанын біліп жатырмын», - деп Әулие Әкей бүкіл сөзін домбырамен байланыстырды. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл – батырлардың жері, бұл – ойшылдардың жері, бұл – суретшілердің, өнер адамдарының жері. Бұл жер мәдениетке толы және мұнда қайғылы оқиғалар да болған. Қазақ халқы басқа түскен қаншама қиындықтарға мойыған жоқ, асқан қайсарлықпен төтеп берді», – деді Рим папасы.Рим Папасы «Қазақстан» концерт залында алыс жолдан келгеніне қарамастан елге ыстық ықыласын білдіріп, сөз сөйледі, қазақтың домбырасы туралы пікір білдірді.
«Домбыра – қаттылық пен жұмсақтық үйлесімі. Домбыраның екі ішегі - ежелгі заман мен осы заманның сырын шертеді! Домбыраның үні - қайшыласқан әлемнің - жауыздық пен мейірім, соғыс пен бейбітшілік, сүреңсіздік пен сұлулық арасын жалғайтын үйлесім» деген мазмұнда керемет сөз айтты. «Домбыра туралы айтқанымды естіп мені музыкант деп қалмаңыздар. Қазақ халқының осынау жалпақ дала мен жалпақ жаһандағы өмірсүйгіш қасиетін айту үшін киелі аспап тіл ұшына оралды» деп жиналған жұртты бір серпілтіп тастады. «Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра» деген Қадыр ақынның сөзі әлемдік тұлғаның аузынан қайта жаңғырып естілгенде ерекше күй кешеді екенсің» деп жазды Нұртөре Жүсіп.