50510
Қиын сәтте қашып кетпей, қорған болған адамға алғыс айтуымыз керек – Тоқтар Әубәкіров
Қиын сәтте қашып кетпей, қорған болған адамға алғыс айтуымыз керек – Тоқтар Әубәкіров
Тұңғыш қазақ ғарышкері, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры, «Халық Қаһарманы», қоғам қайраткері, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Тоқтар Әубәкіров Қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті отандастар, мұндай жауапты, сындарлы, қиын сәтте бізді тастап, ешқайда қашып кетпей, бар күш-жігерін салып, бізге қорған болған адамға алғыс айтуымыз керек екенін айтқым келеді», - деді Тоқтар Әубәкіров.Тоқтар Әубәкіров бұған дейін Президентті жеті жылға сайлау туралы айтып, депутаттардың бастамасын қолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, Қазақстанда депутаттардың ұсынысы бойынша сайлауға дейін бір реттік Президенттік мерзім енгізіледі. Осы жылдың 2 қыркүйегінде «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы Қазақстан Республикасының Президентін жеті жылдық мерзімге сайлау туралы бастаманы қолдайтынын мәлімдеді. Бұл ретте депутаттар қазір Конституцияға өзгерістер енгізіп, биылғы күзде жаңа ережелер бойынша Президент сайлауын өткізу қажет деп санайды. Олардың пікірінше, бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және еліміздің тұрақты дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.