Альварестің нокаутпен жеңгені өзіне зиян – Кирилл Релих

Альварестің нокаутпен жеңгені өзіне зиян – Кирилл Релих

Альварестің нокаутпен жеңгені өзіне зиян – Кирилл Релих
ашық дереккөзі
50231
Бірінші жартылай орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Кирилл Релих мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап. «Менің ойымша, керемет жекпе-жек болады. Басында бәсекелестік болатын шығар. Бірақ кейін Гена темпке шыдай алмайды. Қалай дегенмен, 40 жаста. «Канелоға» бүйрегім бұрып тұрған жоқ, алайда қазір ол мықты. Альварес нокаутпен жеңгісі келеді, бірақ, бұл өзіне зиян болуы мүмкін. Өйткені Генаның әуесқойдағы тәжірибесі үлкен. Бәрі кімнің қалай дайындалғанына және Альварес қалай жұдырықтасатынына байланысты. Ол агрессиямен қысым көрсете бастаса, Головкин қарсы соққымен күтіп ала алады. Сондықтан өте қызықты болады. Бұл жекпе-жекте кім жеңетіні физикалық дайындыққа байланысты болмақ», – деді Релих.  

Серіктес жаңалықтары