Аяз, тұман: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды

Аяз, тұман: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды

Аяз, тұман: 13 облыста дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50169
Қазгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің 13 облысына ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні  18 м/с. Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, түнде облыстың солтүстік-батысында 2 градус аяз болуы ықтимал. Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз сақталады. Жезқазғанда 14 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Күндіз батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының орталығында дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, түнде облыс орталығында 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23 м/с өрт қаупі сақталады. Күндіз Қызылордада дауыл тұруы мүмкін. Шығыстан соққан жел екпіні күндіз 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с. Абай ауданының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус аяз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде  15-20 м/с. Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градус аяз сақталады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, оңтүстікте, солтүстікте және облыс орталығында дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз оңтүстікте, облыстың солтүстігінде 23 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтауда 14 қыркүйекте күндіз дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде түнде 2 градус аяз. Павлодар облысының батысында түнде және таңертең тұман. Облыстың шығысында түнде 3 градус аяз. Павлодарда   түнде 3 градус аяз. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 3 градус аяз.  

Серіктес жаңалықтары