50301
Бекболат Тілеухан жеті бөлмелі пәтерін сатылымға шығарды
Бекболат Тілеухан жеті бөлмелі пәтерін сатылымға шығарды
Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханға тиесілі болуы мүмкін жеті бөлмелі пәтердің сатылымға шыққаны туралы хабарландыру жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Arbat Media басылымына сілтеме жасап.
Бүгінде Түркияда тұрып жатқан Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы қымбат пәтерін сатуды ұйғарған болуы мүмкін. Пәтердің бағасы – 160 миллион теңгеге жуық.
Krisha.kz сайтында жарияланған хабарландырудағы фотосуреттер саясаткердің әлеуметтік желідегі жеке аккаунтындағы суреттеріне ұқсас. Әсіресе, кіреберістегі қабырға мен бөлменің қазақы нақыштағы көрінісі Бекболат Тілеуханның осыған дейін түскен суреттеріне ұқсайды.
Пәтер жеті бөлмелі: жуынатын төрт бөлме, үш гардероб, асхана, үш балкон және лоджия. Үйдің жалпы ауданы шамамен – 350 шаршы метр. Пәтер есігі брондалған.
Қаңтардан бері шет мемлекетте жүрген Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алды деген сыбыс тараған болатын. Алайда ол әлеуметтік желі арқылы төлқұжатын көрсетіп, ел азаматтығынан шықпағанын хабарлады. Сатуға шығарылған пәтер жайында бұрынғы депутаттың өзі әзірге пікір білдірмеді.