Әлем чемпионына әкімшіліктің берген сыйлығы қызу талқыға түсті

Әлем чемпионына әкімшіліктің берген сыйлығы қызу талқыға түсті

Әлем чемпионына әкімшіліктің берген сыйлығы қызу талқыға түсті
ашық дереккөзі
50232
Батысқазақстандық Алтынай Саматова 9 жасқа дейінгілер арасында дойбыдан әлем чемпионы атанған болатын. Әлеуметтік желіде кішкентай чемпионға әкімшіліктің берген сыйлығы талқыға түсті деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы журналист Жеңіс Құспан Facebook-тегі парақшасында жариялады. “Чемпионды мазақ қылғаны ма?” депті Оралдан Айболат Букенов: “Болгария мемлекетінде дойбының үш түрінен өткен әлем чемпионатынан үш алтын алып, еліміздің көк Туын қатарынан 3 мәрте көтергізіп, 3 дүркін чемпионы атанып келген жерлесіміз, 8 жасар Алтынай Артур қызымызды құттықтаймыз! Әттеген-айы, чемпион қызымызға елге оралғанда әкімшіліктің берген сыйлығының сықпыты мынау. Шұбатылған спортивка мен бір бет диплом. Ел үмітін ақтап келген бүлдіршінімізге жасап тұрған құрметтері - бұл мадақ па, әлде мазақ па?! Осыдан кейін кімнің шабыты оянып, еліміздің спорты қайдан дамиды... Сөзім жоқ, ұят...” деп жазды ол.  

Серіктес жаңалықтары