50227
Жанып жатқан көліктен 4 адамды алып шыққан азамат марапатталды
Жанып жатқан көліктен 4 адамды алып шыққан азамат марапатталды
Еркебұлан Жүзбаев жанып жатқан көліктен төрт адамды құтқарғаны үшін ақшалай сертификат пен «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz.
Марапатты Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов табыс етті. Өңір басшысы Instagram-дағы парақшасында бейбіт күннің батырына алғыс айтты деп жазды kazakh_inform.
«Отбасы күні қарсаңында нағыз батыр Еркебұлан Жүзбаевтың отбасына бардым. Қаржылай және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттадым. Қарапайым, ақкөңіл адамдар құр қол қайтармады. Жерлестерімді мақтан тұтамын!» деп жазды облыс әкімі.Еске сала кетейік, Павлодар облысында ер адам жанып жатқан көліктен төрт адамды құтқарған болатын. Маралды ауылының 42 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жүзбаев жарылыс қаупіне қарамастан, өртеніп жатқан көлікке барған. Апат 26 тамызда Павлодар - Шарбақты тасжолында, Маралды кентінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік КамАЗ тіркемесімен соқтығысқан. Еркебұлан Жүзбаевтың ерлігі туралы куәгерлер Instagram-да жазды. Әлеуметтік желі қолданушылары ержүрек теміржолшыны марапаттауды сұраған еді.